Жолдасбеков президентікке кандидаттардан емтихан алатын комиссияның төрағасы болды
Президентікке Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының құрамы бекітілді. Орталық сайлау комиссиясының таратқан мәліметіне қарағанда, комиссияға филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркология кафедрасының меңгерушісі Мырзатай Жолдасбеков төрағалық етеді.
Комиссияның құрамына сондай-ақ, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Серік Қасқабасов, Гүлтас Құрманбай, Ерден Қажыбек енді.