Әйелін тепкілеп, балағаттап, үстіне секірген ер адам видеоға түсіп қалды
Әйел адамды тепкілеп жатқан ер азаматты көршілері жасырын түрде видеоға түсіріп алды. Бұл видеоны "Не молчи" қоғамдық қоры Facebook-тегі парақшасында жариялады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Видеоны көршілері есіктің кішкентай тесігі арқылы түсірген. Видеода ішімдікке тойып алған ер азамат әйел адамды аузына келгенін айтып, аяусыз тепкілеп, үстіне секіріп жатыр.
"Бүгін түнде Алматыдағы "Премьера" тұрғын үй кешенінде көрші тұратын ер адам тыныштықты бұзып, әйелін ұрып-соқты, есік қаққандарға және наразылыққа мән бермеді. Бірінші рет болып отырған жайт емес, сондықтан көршілер полиция ештеңе істемейтініне үйреніп қалды, полицияға хабарласпайды да, өздері тыныштандыруға тырысады. Қараңыздар, әйел тіпті айғайламайды, қаттырақ ұра ма деп қорқады. Есіктің қарағышынан түсірген, себебі онда тесік бар, бәрі естіледі, көрінеді", - делінген жазбада.
Видео сілтемесі мында.