Терроршылар қалай ұсталды?

Oinet.kz 30-11-2020 817

Өткен жылдың қаңтарында баспасөз ақпарат құралдары Алматыда радикалды топтың бейтараптандырылғанын және ірі терактілердің алды алынғанын жарыса жариялаған болатын. Ақпарат әдеттегідей толық емес, әрі құрғақ  еді. «Адамдар көп жиналатын жерлерде террорлық актілер дайындаған Орталық Азия елдерінің бірінің тумалары ұсталып, тінту барысында олардан қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар алынды», қоғамға жеткізіліген ақпарат осы ғана болатын. Енді терроршыларды ұстау туралы барынша ашық әрі толыққанды мәліметті жария етуге мүмкіндік туып отыр деп хөабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Терроршы.jpg

Өткен жылдың басында ҰҚК-ге шетел серіктестерінен Ауғанстан мен Сирияда «Ислам мемлекетінің» содырлары Орталық Азияда ірі теракт дайындап жатқаны туралы ақпараты бар шұғыл бағдарлау келіп түсті.  Алайда жарылыстың орны, уақыты, ұйымдастырушылары мен орындаушылары туралы нақты деректер болмады. Арнаулы қызметтер арасында ақпаратпен алмасу – күнделікті үйреншікті іс-әрекет екені белгілі. Кез келген, тіпті мүлдем шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер мен теракт жасау қаупінің белгілері мұқият тексеруге алынады. Ол түсінікті де, себебі таразы басында – адамдар өмірі.

Бұл жағдай да назардан тыс қалмады: республика тұрғындары жаңажылдық дастархан жайып, бокалдарға шампандарын құйып жатқанда, ҰҚК террорға қарсы бөлімшелерінің қызметкерлері қауырт жұмыс үстінде болды. Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде басты күдікті, Алматы қаласына күнкөріс үшін келген Орталық Азия республикаларының бірінің тумасы анықталды. Фотосуреті бұлыңғыр, сырт келбетінің сипаттамасы және оның қолдан жасалатын жарылғыш құрылғы дайындау үшін құрамдас бөліктерін сатып алғысы келетіні туралы толықтай тексерілмеген ақпарат - жедел қызметкерлердің жұмыстың бастапқы сатысында қолға түсіргені осы ғана болатын.

Бұл адамның аты-жөні де, тұрғылықты жері де, қандай іспен айналысатыны да белгісіз еді. Болжамды терроршының тәжірибесіз екені, сондықтан қолдан жасалатын жарылғыш құрылғыны жинау және жасау бойынша Ауғанстан мен Сириядағы жетекшілерінен тікелей онлайн-режимде нұсқаулық алатыны деректерден байқалды. Күдікті адамның шетел содырларымен байланысы белгілі болып, кейіннен олардың құрылыс базарында химикаттарды сатып алуын тіркеуді ұйымдастыруға қол жеткізілді.

Осы кезде жедел қызметкерлер терроршының қала ішіндегі қозғалысын бақылады. Ол барған жерлер адамдар көп жиналатын орындар болғандықтан, тексерілушінің шабуыл жасауға арналған нысананы таңдау мен барлауды жүзеге асырып жүргеніне күмән қалмады. Оның тұрғылықты жері мен анықтама деректері зерттеле басталды. Нәтижесінде  22 жастағы Касым Гаязов деген күдікті Алматы маңында қожайындары отбасылық жатақханаға айналдырған коттедждің бір бөлмесін жалға алғаны анықталды.

2019 жылғы 7 қаңтар  – православ христиандарының Рождество мерекесі басталған сәтте коттеджге толық бақылау орнатылып, қолға түсіру операциясы дайындалды. Гаязовтың отандастар қатарынан бір емес, бірнеше

сыбайластарының болуы ҰҚК қызметкерлері үшін күтпеген жайт

болмады. Олардың барлығы бір бөлмеге шоғырланып, кем дегенде,

терроршының ниетін қолдап отырған. Осы уақытта кезекті байланыс сеансында ол шетелдік жетекшілеріне жақын күндері жарылғыш құрылғы жинауды аяқтайтынын және қалған құрамдас бөліктерден екінші қүрылғы жасауды бастайтынын баяндайды. Одан әрі бөгелуге болмайтын еді. қылмыскерлердің шабуыл жасауы ғана емес, олардың жарылғышпен жұмыс істеу дағдыларының болмауына байланысты айналасындағыларды жарып жіберу қаупі сағат сайын үдей түсті.

10 қаңтар күні таңертең коттеджге ҰҚК арнайы мақсаттағы бөлімшесі басып кірді. Он адам ұсталды. Тінту кезінде, болжанғандай, дайын болып қалған жарылғыш қүрылғы және келесі құрылғыларды жасауға арналған ірі мөлшерде химиялық қүрамдастар табылды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, жарылғыш құрылғының салмағы бір килограмнан артық тротил эквиваленті жарылған кезде 10 метр радиуста барлық тіршілік атаулыны жойып жіберуі мүмкін еді. Қылмыскерлердің заттарының арасында шабуыл жоспарланған объектілер – «Көк базар», «АТФ» банкінің және қалалық полиция бөлімшелерінің бірінің ғимаратының сызбалары табылды. Сонымен қатар, ДАИШ-тың шетелдік содырларымен хат алмасуы сақталған смартфондар тәркіленді. Бейтараптандырылған топтың ядросы жоғарыда аталған Гаязов пен оның ең жақын серіктесі, 35 жастағы Давлат Халимов екені белгілі болды.

Белгілі бір діни мәселелер бойынша пікір білдіру үшін кем дегенде университеттік бағдарламаны аяқтау керек қой. Халимовтың білімі өте үстіртін болатын. Екеуінің танысуына ақша табу жолында шетелде жүрген кездегі ортақ діни көзқарастар негіз болған. Гаязов та, Давлат та діни сауаттары жетілмегендіктен, ДАИШ-тың үгіт-насихат материалдарын көрумен айналысты. Кейіннен әлеуметтік желілер арқылы содырлармен байланысқа шығады, өзін «Шахомад» деп таныстырған олардың бірі Ауғанстанда болған, ал екіншісі «Абу Усама» – Сирияда.

Алматыға келгеннен кейін Гаязов пен Халимов санаулы апта ішінде басқа отандастарын ұяшыққа қызмет етуге шақырады. Гаязов пен Давлатов серіктерін «шахидтер» ретінде «абыройлы» өлімге дайындады. Өздері болса теракт сәтті өткеннен кейін жасырынып, енді отанында бірқатар терроршылық шабуылдар жасамақшы болады.

2019 жылғы 13 қыркүйекте топ мүшелеріне қатысты сот шешімі шығарылды. Ұяшық жетекшісі Гаязов 18 жылға, Халимов 16 жылға сотталды, оның тағы бес қатысушысы 12 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Үш шетелдік еліне қайтарылып, өз отанында қылмыстық жауапқа тартылды.

Шабуыл жасау үшін Алматыны таңдау тек «жергілікті жерде жиһад» қағидатынан туындаған. Қылмыскерлерде Алматының және

жалпы республикамыздың тұрғындарын өлтіру үшін ешқандай жеке себептер болған жоқ: олар жай ғана «кәпірлер», оларды қай жерде болғанына қарамастан жою, ел қауіпсіздігін, тұрғындардың өмірін сақтау мақсатындағы қажет те жалғыз жол.

Егер қызметкерлер қолға түсіруді бірнеше күнге кешіктіргенде не болатынын ойлаудың өзі қорқынышты. Алайда, екінші жағынан, егер жеткілікті дәлелсіз қамауға алынса, онда кінәлілер жазадан құтылып кететін еді. Арнаулы қызметтер жүмысының қиындығы да осында - сапалы және алдын ала жұмыс істеу.

Марадонаның дәрігеріне айып тағылды
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу