Мемлекет басшысы жол апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Oinet.kz 20-04-2019 905

Screenshot_4.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Twitter парақшасында Қордайдағы жол апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

"Қордай тас жолында аса ірі жол апаты болды. Өзбекстанның 11 азаматы көз жұмды, жараланғандар көп. Марқұмдардың туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Өзбекстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдадым. Жолдарымыздағы жағдай алаңдаушылық туғызады, мен ол туралы Ішкі істер министрлігі отырыстарында айтқанмын. Осыған байланысты Үкіметке шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым", - деп жазды мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 20 сәуір таңғы сағат 5-те Алматы-Ташкент тас жолында жол апаты орын алып, 11 адам көз жұмды. Зардап шеккендер саны 29.

Президент сайлауына түсетін кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі
Дауыс беруге келген Зеленский журналистерге рэп оқып берді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу