Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы өседі

Oinet.kz 25-11-2020 799

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта студент жастарды қолдау шаралары жүзеге асатынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

- Студенттерге арналған стипендиялар екі есеге, магистранттар мен докторанттарға - 1,5 есе артады. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларындағы орындар саны кем дегенде 50 мыңға көбейеді, - деді ол "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезінде.

Бұған дейін ол 2025 жылға дейін Қазақстанда білім гранттарының саны 50% өсетінін айтқан. Бұл 75 мыңға жуық азаматтың университеттерде ақысыз білім алатындығын білдіреді, деп атап өтті мемлекет басшысы.

Қазір студенттер - 26186 теңге, магистранттар - 66913 теңге, докторанттар - 150000 теңге шәкіртақы алады. 

«ҚазМұнайГаз» топ-менеджерлерінің жалақысы қысқарды
Назарбаев Үкіметтің жұмысына баға берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу