«ҚазМұнайГаз» топ-менеджерлерінің жалақысы қысқарды

Oinet.kz 25-11-2020 769

"ҚазМұнайГаз" қызметкерлерінің жалақысы 6,7 пайызға қысқарды. Бұл туралы басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Қарабаевтың айтуынша, басқарушы персоналдың жалақысы 6,7 пайызға қысқарды (таратылған баяндаманың деректері бойынша шығыстар өткен жылғы 64 миллиард теңгеден 2020 жылдың тоғыз айында 59,7 миллиард теңгеге дейін).

- Біз бонустардан, сыйлықақылардан бас тарттық және топ-менеджерлердің жалақысын қысқарттық. Сондай-ақ, орталық аппарат штаты 34 пайызға қысқарды. Оңтайландыру нәтижесінде 2020 жылдың тоғыз айында күрделі салымдар 13 пайызға - 338 миллиард теңгеден 293 миллиард теңгеге дейін төмендеді. Тоғыз айда жалпы және әкімшілік шығындар 135-тен 107 миллиард теңгеге дейін 21 пайызға төмендеді, - деді Қарабаев.

Қазақстанда Назарбаев университеті тәжірибесімен тағы екі ЖОО құрылады
Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы өседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу