Ауыл Халықтық-демократиялық Патриоттық партиясының кезектен тыс конференциясы өтті
Бүгін Ауыл Халықтық-демократиялық Патриоттық партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының конференциясы өтті.
Аталмыш жиынға Партия төрағасы Әли Бектаев қатысты.
- Ауыл бүгінге дейін де, кейін де қажетін сұрамаған. Енді сұрамағанын беретін кезіміз келді... Біз балалардың болашағына қажет қаржы беруіміз керек. Ауылдың қадір-қасиетін сіңіретін кез келді. Ауыл партиясының мүшесінің халық алдында ұялатын өтірік уәдсін беріп, саяси ойындарға кірген емес. Соңғы бес жылда 52 мың азамат партияға өтіп отыр – деді Әли Бектаев.
Конференция барысында партия бағдарламасының жобасы ұсынылып талқыланды. Жиында делегаттар партия бағдарламасын қолдайтындығын айтып, біршама ұсыныстарын жеткізді.