​13 көшеге заманауи түнгі жарықтандыру шамдары орнатылды

Oinet.kz 15-11-2020 854

Көше шамдары.jpg

Қасиетті Түркістан облысының шығыс шекарасында орналасқан Түлкібас ауданында Мемлекет басшысының жылдағы дәстүрлі халыққа арнаған Жолдауының басым бағыттары мен мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Соның бірі аудан тұрғындарының көптеп көтеріп жүрген көшелерді түнгі уақытта жарықтандыру. Бұл бағыттада ауданымызда жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы тұрғындар өтінішіне сәйкес аудан аумағындағы түнгі жарықтандыруды бірінші кезекте қажет ететін 13 көшенің 17 шақырымына заманауи түнгі жарықтандыру шамдары орнатылды. Сондай-ақ, бүгінгі таңдағы пандемияға байланысты аса маңызды нысанның бірі аудандық ауруханаға баратын күре жолдардың бойы мен жаяу жүргіншілер жолының бойына түнгі жарықтандыру шамдары толығымен орнатылды.

Айта кетерлік, түнгі жарықтандыру жұмыстары ауыл келбетін арттырып қана қоймай, жазатайым оқиғалар мен ұрлық, қарақшылық әрекеттерге де тосқауыл қоюға өзіндік септігін тигізетіні анық.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауыл Халықтық-демократиялық Патриоттық партиясының кезектен тыс конференциясы өтті
Мемлекет басшысының апталық жұмысына видеошолу жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу