Түркия елдің халықаралық атауын өзгертті
06-12-2021
2020 жылғы 12-13 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы және Фридрих Эберт атындағы қоры бірлесе «Шымкент қаласында Жұмыс беруші және жұмысшылар үшін диалогтық тұғырнама: еңбек дауларын шешудегі келістіру процедуралары» атты халықаралық вебинар өткізді.
Вебинарға ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов, салалық кәсіподақ төрағалары мен қызметкерлері, Шымкент қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері, Шымкент қаласы «Кәсіпкерлер палатасының» қызметкерлері, Шымкент қалалық сотының судьялары, кәсіби медиаторлар, Шымкент қалалық Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері қатысты.
«Labor consulting» орталығының директоры, тәжірибелі кәсіподақ оқытушысы, РФ салалық кәсіподақтары семинарларының тұрақты модераторы Эдуард Вохмин, заң ғалымдарының кандидаты, отставкадағы судья, бүгінгі күні ҚР аумағындағы еңбек құқығы саласы бойынша эксперт Инесса Куанова, ал вебинар модераторы Ф. Эберт атындағы қоры өкілдігінің басшысы Зауреш Шутова вебинардың басты эксперттері болды.
Вебинар барысында еңбек құқығы мәселелері, еңбек қатынастарындағы кәсіподақтардың рөлі, еңбек дауларын шешудегі медиация шараларын қолдану, сондай-ақ, еңбек қатынастары, атап айтсақ, еңбек дауларына қарасты басқару өлшемдері және оларды шешу әдістері талқыланды. Вебинар соңында қатысушылармен кері байланыс орнатылып, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.