Түлкібастықтар облыс орталығын көгалдандыруға ат салысуда
ҚР Президенті Түркістан қаласын климаты қолайлы, жасыл қалаға айналдыру қажеттігін атап өткен болатын. Осы мақсатта облыс әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен қала 16 секторға бөлінініп, әр секторға жауапты аудан, қала өз аумағында ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берілді.
Осыған орай, аудан әкімі Н.Байғұт бастаған түлкібастықтар өзіне бекітілген 14 секторда сенбілік және көшет отырғызу жұмыстарын жүргізді. Сенбілік аясында жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын Дастанов, Кенжебаев, Нахипова, Майлықожа, Рүстемова көшелері тазаланып, аталған көше бойларына 6500 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Сенбілікке ауылдық округтер және аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер қатысты. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып, нәтижесінде 7 мыңнан астам шырша, терек, қараағаш көшеттері отырғызылмақ.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі