Статистика күнімен құттықтады

Oinet.kz 14-11-2020 1178

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов қалалық Статистика департаментінің қызметкерлерін «Статистика күні» және «Мемлекеттік Статистикаға 100 жыл» мерекелері қарсаңында құттықтап, департамент басшысы Ерназар Сейтханұлы Құлтаевқа «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыповтың мерекелік құттықтау хатын салтанатты түрде табыстады.

image.png

Сонымен қатар, кәсіподақтар қозғалысын дамыту әрі нығайтуда, адам құқығы мен оның әлеуметтік мүдделерін қорғаудағы еселі еңбегі үшін департамент басшысы Ерназар Сейтханұлы Құлтаев, департаменттің басқарма басшысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанар Ратбекқызы Көпжасарова «Еңбек озаты» төс белгісімен, ал департамент басшысының орынбасарлары Жанар Түгелбайқызы Ережепова, Меруерт Болатқызы Жаңабаева, департаменттің жетекші маманы Арман Ирисалиұлы Дүйсебаев «Құрмет Грамоталарымен» марапатталды.

Қытай билігі Джек Маға соғыс жариялады
​Түлкібастықтар облыс орталығын көгалдандыруға ат салысуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу