Арызды көп жазатын аудандар
Түркістан облыстық әкімдігінің таратқан мәліметіне қарағанда, биылдың 9 айында әкімдіктерге 47 132 өтініш (шағым-803, өтініш-43 340, басқа да мәселелер бойынша-2 989) келіп түскен. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 40 пайызға төмен.
Түскен өтініштердің 42 234-і қаралып, оның 39 пайызы қанағаттандырылған. 24 878 өтінішке немесе 60 пайызына түсіндірме берілген, 789 өтініш тиістілігіне қарай басқа органдарға жолданған.
Ең көп түскен өтініштердің саны жағынан Кентау (5 223),Түркістан (5 198) қалалары мен Сарыағаш (7 555), Мақтаарал (5 301), Сайрам (5 264) аудандары құрап отыр.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өтініштер Келес ауданында 12 пайызға, Төлеби ауданында 5 пайызға, Сарыағаш ауданында 4 пайызға өскен.
Өтініштердің мәселесін талдау барысанда басым көпшілігі
жер(16 972), әлеуметтік (13 596), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (4 258), білім (1 700) және ауыл шаруашылғы (1 482) салаларына қатысты болып отыр.
Азаматтардың өтініштерін қарау барысында аудан, қала әкімдіктері тапарынан беретін жауаптардың сапасы қанағаттанарлықсыз және орындау деңгейі төмен болып отыр.
Жалпы түскен өтініштің 39 пайызы ғана қанағаттандырылған, қалған өтініштерге тек қана түсініктеме берумен шектелген.
Өтініштердің қанағаттандыру деңгейінің ең төмен көрсеткіші Түркістан қаласында -7 пайызды, Жетісай ауданыда -17 пайызды, Ордабасы ауданында17 пйызды, Арыс қаласынада 20 пайызды, Созақ ауданында 23 пайызды, Келес ауданында -27 пайызды құрайды.