Әлімғазы Райымбеков өмірден өтті
19-01-2021
"Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында Үйлестіру кеңесі өтті.
Үйлестіру кеңесіне "Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов және "Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, өңірлік және қаламыздың салалық кәсіподақтарының төрағалары қатысты. Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісім жобасын дайындау барысы, жалпы кәсіподақтар Конфедерациясына кіруі жөніндегі мәселелер, ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттар депуттарына сайлау өткізуге байланысты ҚРКФ атынан байқаушылар қатыстыру туралы, Әлеуметтік кодекс туралы, Агенттік жұмыс туралы заң жобалары, "QAZAQSTAN KÁSIPODAĢY" газетіне 2021 жылдап бастап жазылу жоспары және аталған республикалық газеттегі белсенділікті көтеру шаралары, ҚРКФ-тің Ф.Эберт қорымен бірлесе атқаратын іс-шаралары бойынша бірқатар мәселелер қаралды.
Кеңес отырысына қатысқан салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары пандемияның екінші толқынында кәсіпорындарда кездесіп жатқан бірқатар мәселелерді айтып, ұсыныстарын жеткізді.
Сондай-ақ, 2020 жылдың 10 айында, әсіресе қыркүйек-қазан айларында атқарылған жұмыстар бойынша есептер тыңдалды.
Мұнан бөлек, алдағы уақытта ҚРКФ мен "Ақ жүрек" қорының бірлесе ұйымдастыруымен "COVID 19. Жұмыс орнындағы кәсіподақтық жедел жәрдем" атты мастер класс өткізілмек. Жиында осы бойынша да дайындық жұмыстары пысықталды. Тәжірибелік сағатына Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша 15 кәсіпорыннан 2 адамнан, жалпы 30 адам қатысады деп күтілуде.