Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады

Oinet.kz 18-12-2020 875

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Тоқаев 1111.png

- Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 14:10-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Видео конференция режимінде өтетін іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Президенттері қатысады деп жоспарланған, - деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ақпарат бойынша, жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМД және ұйымды одан әрі дамыту тұжырымдамасы, оны іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ, ТМД елдері Парламентаралық ынтымақтастықты арттыру және нығайту жайында пікір алмасады.

Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Zoom платформасында кездесті
«Ең нашар әншілердің 3-4 қабатты үйі бар» - Мұхтар Шаханов (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу