Қазақстанда нан бағасы қымбаттайды

Oinet.kz 12-11-2020 895

Қазақстанда нан қымбаттауы мүмкін. Астық өңдеушілер одағында мұның мәжбүрлі шара екенін мәлімдеді. Ұн бағасы өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен. Осылайша, жоғары сұрыпты өнім бірден 24 пайызға қымбаттап, бүкіл ел бойынша килограммы орта есеппен 231 теңгені құрайды. Ал бірінші сұрыпты ұн бағасы 17%-ға өсіп, бір килограммы 181 теңгеден сатылып жатыр екен. Бұл туралы Oinet.kz  "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Атырауда кәсіпкерлер нан бағасын өсіруге мәжбүрАлфия Кенбаеваның наубайханасы бар. Ол екі жылдан бері тауар бағасын бір қалыпта сақтап келген. Алайда, әйел соңғы уақытта ұн, жұмыртқа және басқа да керек заттардың бағасы өсіп жатқанын айтады. Бастапқыда пандемияның кесірінен клиенттер саны азайған, наубайхана жанындағы банк, университет, бәрі қашықтан жұмыс істеген. Шығындарға байланысты кәсіпкер бағаны өсіруге немесе бизнесін жабуға мәжбүр.

- Жұмыс істеу қиын болады. Менің ойымша, көп жер жабылады. Егер жағдай күрделенсе, біз де өндірісті тоқтатамыз. Өйткені біз дәмді, нағыз үйдің, жоғары сапалы тағамы деген тұжырымдамамызға қарсы жүре алмаймыз. Егер қажет қоспалардың бағасы өссе, онда біз де бағаны көтереміз, - деді наубайхана иесі Алфия Кенбаева.

Бір жыл ішінде жоғары сұрыпты ұн бағасы бірден  24 пайызға қымбаттап, бүкіл ел бойынша килограммы орта есеппен 231 теңгені құрады. Ал бірінші сұрыпты ұн бағасы да 17%-ға өсіп, бір килограммы 181 теңгеден сатылып жатыр. 

Астық өңдеушілер одағындағылардың сөзінше, наубайхана қоймаларындағы қалған өнімдер таусылған соң, ел бойынша нан қымбаттайды. 

- 15 пайызға өсуі мүмкін. Немесе астықтың бағасын белгілеу керек. Ол болмаса, соңғы өнімді ұстамау қажет, одан не пайда, бізде бастапқы өнімдер бар ғой,  - деді Астық өңдеушілер одағының директоры Евгений Ган.

Астық өңдеушілер одағындағылар нан бағасын Жаңа жылдан кейін қайта қарастыратынын айтты. Ол өңірлердегі астық пен ұн бағасына байланысты әртүрлі болып өзгереді. Бірақ, бұған сатып алушылар дайын емес сынды.

- Зейнеткермін, қазір әрбір тиын қымбат. Бірінші қажетті тауарлардың қымбаттауы дұрыс емес деп санаймын", "Бұл бірнәрсеге негізделген бе, білмеймін. Менің зейнетақым орташа, менен төмен алатындар да бар. Олардың қалай өмір сүретінін білмеймін. Олар өзіне көп шектеу қояды, - деді тұрғындар.

Әлеуметтік нан бағасын бір бағада ұстап тұру туралы әкімдік мен кәсіпкерлер арасындағы келісімнің күші жыл соңына дейін сақталады. Бағаның өсуі тек астық пен ұнға ғана емес, қымбатап жатқан коммуналдық төлемдерге де байланысты болады. 

Астық өңдеушілер одағындағылар кәсіпкерлер шығынмен жұмыс істеуге дайын емес екенін атап өтті. Олардың сөзінше, мәселені қолжетімді нан өндіру үшін субсидия бөлу немесе мұқтаж жандарға ғана көмектесу арқылы шешу керек.

Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты тың деректер пайда болды
Арызды көп жазатын аудандар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу