Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты тың деректер пайда болды

Oinet.kz 12-11-2020 883

Онлайн-брифинг барысында тергеу департаментінің басшысы Санжар Әскенұлы Жанболат Ағаділдің өліміне қатысты жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz.

Белгілі болғандай, Жанболат Ағаділ төбелеске дейін басқа да келіспеушіліктерге қатысқан. 

- Осыған дейін айтқанымыздай ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың 10 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласы Кактал маңында төбелес болды. Нәтижесінде алынған пышақ жарақаттарынан 17 жастағы Жанболат Ағаділ көз жұмды. Тергеу тобы анықтағандай, төбелес Талапкер ауылының жасөспірімдерінің арасында болған, - дейді ол. 

Осылайша, Жанболат Ағаділ пышақ жарақаттарын алып, жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

- Жиырмаға тарта адам Ақмола облысы Целионград ауданы Талапкер ауылынан, Нұр-Сұлтан қаласы Кактал шағын ауданына келген.  Осыған дейін олардың арасында 6 қараша күні де қақтығыс болған. Бұл қақытығыс төбелеске ұласқан. Олардың арасында Жанболат Ағаділ болған. Ол пышақ жарақатын алып, жедел жәрдем келгенше көз жұмды, - дейді Санжар Әскенұлы. 

Ізін суытпай төбелеке қатысқандар анықталды. Сонымен қатар, өлімге себепші болған үш адам қамауға алынып, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін тергеу жүргізіліп жатыр. 

Жанболат Ағаділдің өлімі: Куәгер оқиғаның мән-жайын айтты
Қазақстанда нан бағасы қымбаттайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу