Жанболат Мамай қамауға алынды
Саяси белсенді Жанболат Мамай қылмыстық істі тергеу аясында Алматыда екі айға қамауға алынды.
“Дүйсенбі күнгі отырыстың қорытындысы бойынша Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Жанболат Мамайды екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді”, – деп хабарлады Алматы қалалық соты.
Айта кетсек, белсендінің үстінен "Полицияны қорлады, жалған мәлімет таратты" деген айыптар тағылып, қылмыстық іс қозғалған.