Владимир Зеленский халқына маңызды үндеу жасады
Украина президенті Владимир Зеленский өзге елдердің көмегімен елде барлығын қалпына келтіруге уәде берді. Өзінің кезекті бейнеүндеуінде ел экономикасын қолдау бойынша жасалған бірнеше шараларды атап өтті. Оның ішінде банк жүйесін өзгерту мен салық төлеуді жеңілдету де бар, деп хабарлайды Euronews басылымы.
"Ресей әскері біздің инфрақұрылымымызды бұзуды жалғастырып жатыр. Қалаларымызға соққы жасауда: Киевщина, Чернигов облысы, Сумщина, Харьков, оңтүстік, Донбасс. Бірақ біліңіздер, біз барлығын қалпына келтіреміз. Әр үйді, әр пәтерді, әр көшені жаңартамыз. Соғыстан кейін мұны жылдам жасай аламыз. Барлық күшімізді жұмсаймыз. Украина өмір сүруі үшін қазір қор құрып жатырмыз", - деді Зеленский.