Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады

Oinet.kz 15-03-2022 1321

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның бірнеше елдегі төтенше және өкілетті елшісі тағайындалды.

Screenshot_1.jpg

Президент жарлығына сәйкес, Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Албания Республикасында елші қызметін қоса атқарудан босатылды.

Оның орнына Еркебұлан Сәпиев Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол енді Түрікменстандағы елші қызметін атқармайды.

Орнына Асқар Тәжібаев тағайындалды. Тәжібаев бұған дейін Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елші болатын. Президент жарлығына сәйкес, бұл қызметке Уәлихан Төреханов тағайындалды.

Ауыс-түйіс барысында Қазақстанның Канададағы төтенше және өкілетті елшісі Ақылбек Камалдинов Қазақстанның Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Бұл міндет Андриан Елемесовке жүктелді.

Жанболат Мамай қамауға алынды
Халыққа есеп емес, нақты іс қажет - Мәслихат депутаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу