ЖСДП халықтың мүддесін сатып кетті
11-12-2020
10 қаңтарда өтетін Мәжіліс сайлауына 6 саяси партия қатысады. Дәлірегі саяси додада алты партияның бақ сынауына құқығы бар. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов мәлім етті.
-Оларды қайта құруға немесе таратуға уәкілетті органдар тарапынан құқықтық негіздер жоқ. Демек, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына осы тіркелген саяси партияның барлығы жіберіледі. Оларды сайлауға жіберуден бас тартуға құқықтық негіздер жоқ, - деді А.Смағұлов.
Сайлауға қатысуға мүмкіндігі бар алты партия мыналар:
"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
"Бірлік" саяси партиясы" қоғамдық бірлестігі;
"Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" республикалық қоғамдық бірлестігі;
"Қазақстанның коммунистік халық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
"Nur Otan" партиясы қоғамдық бірлестігі.