Эфирде төбелес шығарған Ермұрат Бапи кім?
04-12-2020
Осы сайлаудың көрігін қыздыруы мүмкін деген Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының саяси додадан шет қалуын сарапшылар әрқилы жорып жатыр деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Ермұрат Бапи
Партия төрағасы Асхат Рақымжановтың айтуынша, бұл сайлау науқанының алдыңғысынан еш айырмашылығы жоқ. сол ескі ереже, сол баяғы заң, сол шаралар мен байырғы саяси партиялар. Бұған партияның бірқатар белсенділері келіспегенімен, айналып келгенде съездің шешіміне қарсы келе алмады.
Кейбір сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда билікке бірден-бір оппозиция саналатын ЖСДП саяси додаға қатысқанда сайлаушылардың үштен бірінің даусын иеленуі мүмкін еді.
– Қоғамдағы белгілі бір ұйымның байкот жариялауы мен партияның байкоты екі бөлек дүние. ЖСДБ партиясының жариялаған байкоты биліктің ықпалымен жасалған. Егер бұл партия сайлауға түскенде, 30 пайыз дауысты алар еді. Сондықтан олардың бұл қадамына 10 қаңтардан кейін төңкеріс болып кетпеуі үшін биліктің жасаған әрекеті деп баға беруге болады,- дейді ақпарат құралдарына берген сұхбатында партияның бұрынғы төрағасы Ермұрат Бапи.
Экс-төрағаның айтуынша, ЖСДП халықтың, қоғамның мүддесін сатып кетті.