Таразда өрттен бір отбасының үш мүшесі қайтыс болды
Таразда өрт сөндіру кезінде жекеменшік үйлердің бірінен үш адамның денесі табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz.
Құтқарушылардың дерегіне сүйенсек, қаза тапқандар 84, 60 және 40 жастағы тұрғындар екен. Алдын ала болжам бойынша зейнеткер мен баласы өрт кезінде ауаға бөлінген газға уланып қалған. Үйге жақын жерде орналасқан жазғы ас үйде тұратын немересі оларды құтқаруға тырысқан, алайда ол да уланып, қайтыс болған. Өрт сөндірушілерге өрт туралы хабарлама түнгі 03.26-да түскен. Оқиға орнына 21 қызметкер мен 5 арнайы техника жіберілген. Өрт таңғы сағат 4.24-те толығымен сөндірілген.