Сәтбаевта әкімнің қолынан баспана алған тұрғындарды үйлерінен қуып жатыр

Oinet.kz 06-11-2020 1002

Осыдан екі ай бұрын әкімнің қолынан салтанатты түрде кілт алған Сәтбаев қаласының тұрғындары енді үйлерінен қуылып жатыр. Қоныс тойын тойлап үлгерген халық қазір төбелерінен жай түскендей күйде. Олардың сөзінше,  әу баста пәтерлер "мемлекеттік қызметкерлерге арналған баспана" ретінде берілген. Бірақ осыдан бірнеше күн бұрын әкімдік өкілінен бұл үйдің "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша өзге тұрғындарға тиесілі екенін естіген. Әкімдік жіберген хабарламаға сәйкес 3 желтоқсанда үйді босатулары керек екен. Бұл туралы Oinet.kz  "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Биылғы тамыз айында Сәтбаев қаласының әкімі Алмат Ыдырысов салтанантты түрде тұрғындарға пәтер кілтін табыстаған. Тіпті, халықтың баспаналы болғаны туралы БАҚ жарыса хабарлаған. Бірақ тұрғындардың қуанышы ұзаққа бармаған, олар арада 2 ай өткен соң әкімдіктен "үйді 1 ай ішінде босатуды" міндеттеген хат алған.

- 3 қараша күні үйге мынадай хабарлама келіпті: "3 желтоқсанда босатсын" деген. Кілтті берді, енді әкімшіліктің мазақ қылып отырғаны ма әлде осалдығы ма? - деді мұғалім Гүлім Сұлатанова.

Далада қалып қаламыз деген 13 мемлекеттік қызметкердің арасында жұмыс істегенін 20 жыл болған полицей, дәрігер мен мұғалім де бар. Осыншама жыл адал еңбек еткен олар әкімдіктің әрекетіне ашулы.

- 28 тамызда әкімдікте жиналыс ашып, бәрімізді жинап, кілтті табыс етті. Қуанып келдік, жақса болды деп. Мысалы, менің 30-40 жылдық еңбегім бар, үлкен кісімін. Мені осылай алдайды деп ойлаған жоқпын, - деді Ұмсынған Байғожанова.

Наразы топ пәтерлеріне 12 жылда әрең қолжеткізгендерін айтады. Оның өзі президентке хат жазып, облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің араласуымен берілген екен. Әкімдік бұл үйді мемлекеттік қызметкерлерге арналған баспана ретінде қарастырып, үй кезегін күткен жұртқа кілтін табыстаған. Алайда, тұрғындарға әкімдік жіберген хатта пәтерлердің "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша белгілі бір санаттағы азаматтарға беру туралы шешім қабылданғаны жазылған. 

- Тұрғын үй комиссиясы адамдарды қоныстандыру кезінде қателіктер жіберген. Қазіргі уақытта осы комиссияның барлық мүшесі жазаланды, - деді Сәтбаев қаласы әкімінің баспасөз хатшы Назерке Сапарбек.

Әкімдік мамандарының айтуынша, тұрғындар жылу маусымы аяқталғанша үйлерінен шығарылмайды. Бірақ тұрғын үй қорынан баспана қарастырылады.

Таразда өрттен бір отбасының үш мүшесі қайтыс болды
Түркістан: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері облыстағы тәртіп сақшыларды адалдыққа үнд
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу