Балабақша. Ертеңгілік: Үлкенге ізет, кішіге құрмет
ОҚО, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ, №8 «БОТАКӨЗ»
БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ
СМАТОВА БАХЫТКУЛЬ САУЛЕМБЕКОВНА
Білім беру саласы: «Әлеуметтік»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үлкенге ізет, кішіге құрмет»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту, ұлттық әдет ғұрып пен салт
дәстүрге баулу, сәлемдесуге, сыйластыққа, үлкенге құрмет көрсете отырып, имандылыққа баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ата мен баланың суреті, кітап, мақал мәтелдер.
Инклюзивтік әлеумет: қырсық, ұяң балалармен жеке жұмыс.
Әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс әрекеті | Балалардың іс әрекеті |
Ұйымдастыру шы қозғаушы қызмет түрі.
Ұйымдастыру Ізденушілік.
Жетекші жөндеуші:
| Таңғы жиын: -Балалар, бәріміз бір бірімізге жылы жүзбен қарап, қуаныш сыйлайық. Осы алған күш қуатымызбен іс әрекетімізді бастайық.
-Балалар, бүгінгі біздің іс әрекетіміздің тақырыбы: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»деп аталады. Үлкендер біздің қамқоршымыз, олар атамыз бен әжеміз, әкеміз бен анамыз, апамыз бен ағамыз. -Міне, осы үлкендерді сыйлап құрметтеп, ардақтап, амандасуы мыз керек.Үлкен адамдар келе жатса орнымыздан тұрып, орын беріп, айтқанын тыңдап,құрмет көрсету, кішілерге қамқорлық жасау біздің міндетіміз. -Міне, балалар, осының барлы ғын орындап, тыңдап жүрсек біз иманды, инабатты, адамгер шілігі мол бала болып өсеміз. Осы сөзді қалай түсінеміз, мына Суреттерге қарап айтып көрейік -Мына суретте нені көріп тұрсыңдар? -Балалар қайда келе жатыр?
Ата: Балам, аяғым ауырып тұр, орын берші?
Бала: Ата, қойшы өзімнің де аяғым ауырып тұр.
Келесі бала: Ата, бері келіңіз мұнда отырыңыз, - деп орын берді.
-Бірінші баланың іс әрекеті дұрыс па?
-Бірінші бала не істеу керек еді?
-Ал, екінші баланың істеген ісі дұрыс па?
-Балалар, сендер не істер едіңдер?
-Міне балалар, бұл жерде біз әдепсіз баланың ерсіз қылығын, әдепті баланың арлы қылығын көрдік.
-Өте жақсы. Келесі суретке қараңдаршы. -Кішкентай қыз бала қуыршағымен ойнап отырады Сол кезде, әдепсіз бала келіп қуыршағын тартып алады. Кішкентай қыз жылап тұр. Осыны көріп тұрған бала көмекке келіп, балаға әдептілік туралы түсіндіреді. -Сендер әдепсіз баланың қылығын істер ме едіңдер?
-Балалар, мына суреттерге қарап әдепті болуымыз керек екен. -Балалар, біз үлкендерді сыйлап, құрметтеп, ардақтауымыз тиіс. Үлкен адамдар келе жатса орнымыздан тұрып, орын беріп, айтқанын тыңдап, құрмет көрсету, кішілерге қамқорлық жасау біздің міндетіміз.
-Міне, балалар, осының барлығын орындап, тыңдап жүрсек, өте жақсы бала болып өсеміз.
Сергіту сәті: Таңертең тұрамын, Бетімді жуамын. Тісімді тазалап, Шашымды тараймын. Киімімді киемін, Балабақшаға келемін. Мен әдепті боламын.
-Барлығымыз орнымызға жайғасып отырайық.
Мақал мәтел: «Әдептілік, имандылық Адамгершілік туралы».
Әдепті бала- арлы бала Әдепсіз бала- сорлы бала.
Жақсы бала жол сілтейді, Жаман бала қол сілтейді.
Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені. -Жарайсыңдар, балалар, осы мақал-мәтелдерді жаттап алайық. Әкемізге, анамызға айтып берейік.
Ойын: «Су, ауа, жер, от» Ойынның мақсаты: Балаларды шапшаң қимылдауға үйрету. Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға «су» деген бұйрық бергенде, балалар қолдарын алға созады. «Ауа» қолдарын жоғары көтереді. «Жер» қолдарын төмен түсіреді, «от» қолдарын әртүрлі бағытта қозғайды.
«Дастархан басындағы әдептілік». Тыйым сөздер айту. -Дастархан басында үлкен адамдар отырады.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше осы дастархан басында әдептілік жайында Бейбарыс бізге тақпағын айтып берсін. Дастарханның басында, Әдептен біз озбаймыз. Үлкендердің қасында, Қолды бұрын созбаймыз. -Жарайсың, Бейбарыс!
-Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде не туралы айттық?
-Балалар, бүгінгі іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Тек қана жақсы қасиеттерді үйрендіңдер деп ойлаймын. Қолдарыңнан келгенше бір-біріне көмектесе біліңдер. Сендерге үлкен рахмет! Үлкендерді құрметтеңдер, ата-әжелеріңді, әке-шешелеріңді, іні-қарындастарыңды сыйлап оларға көмектесіңдер.Жақсылық істеуден еш шаршамаңдар! | Шаттық шеңбері: Ата менен ананың, Айтқан тілін аламын. Үлкен кісі жұмсаса, Қайда болсын барамын Төсекті өзім жинаймын, Ешкімді де ұрмаймын Ешкім маған тимейді, Мен де бәрін сыйлаймын.
Балалар апайларының айтқандарын мұқият тыңдайды.
-Суретте екі бала, ата бар. -Автобустың ішінде
-Жоқ, дұрыс емес.
-Атаға орын беру керек еді
-Әрине, дұрыс.
-Біздер орын берер едік
-Жоқ, бұлай істемес едік
-Балалар сергіту сәтіне қатысады.
-Балалар апайымен бірге мақал-мәтелдерді қайталап айтады.
-Дастарханға отырар алдында, тамақтан соң қолды жуады. -Дастарханға ең алдымен нан қояды, нанды төңкеріп қоймайды. -Дастархан басында сөйлемейді, тамақ жеу кезінде.
-Әдептілік, адамгершілік Имандылық туралы айттық. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс:Үлкендерді құрметтеуді, кішіге қамқор болуды біледі.
Қалыптасқан орта: Мақал-мәтелдерді жақсы айта біледі.
Орындаушылық қабілеті: Балаларды әдептілікке, тілалғыштыққа тәрбиелеу.