Балабақша. Ертеңгілік: Ойнайық,ойланайық!
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ
ОҚО, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ, №8 «БОТАКӨЗ»
БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕШІСІ
МЫРЗАБАЕВА ЖАННАТ ОРНАЛИЕВНА
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың ролі ерекше. Ойын-мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып адам өмірімен ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.
Логикалық ойын-балалардың оқуға, ойлануға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.
Тақырыбы: «Ойнайық,ойланайық!»
Білім саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қарапайым математикалық ұғымдар», «Құрастыру», «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет», «Айналамен танысу»
Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамытып, логикалық ойларын, тілін дамыту. Қызықты ойындар арқылы баланы тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мотивациялық қозғаушы:
Тәрбиешінің іс-әрекеті: Біздің топтың ұл,қыздары,
Тату тәтті ойнайды.
Әлемдегі бар адамға,
Тек жақсылық ойлайды.
- Ал балалар бір-бірімізге, келген қонақтарға жылы сөздер мен жақсы тілектерден бастайық.
-
Балалардың іс-әрекет: Барлығы хормен тілек айтады,
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға гүл шашылды.
Біз нәзік қыздармыз,
Біз нәзік ұлдармыз!
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге жүрсін бүлдіршін.
Қыз қолында гүл жүрсін,
Ұл қолында ту жүрсін.
Қайырлы күн, достарым!
Қайырлы күн, қонақтар!
Тәрбиеші: - Балалар,біз неге ұқсадық?
Балалар: - Күнге,шарға,допқа,алмаға, ұқсадық.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар.
Сендердің айтқан күндерің адамдарға жылу, шар-ойын, алма-тағам сыйлайды екен. Айтқан жылы тілектерің үшін рахмет!!!
Қанекей, орнымызға жайғасайық!
Іздену ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: - Балалар жылдың қай мезгілі?
Балалар: - Көктем,мамыр айы
Тәрбиеші: - Бір аптада неше күн бар?
Балалар: - Бір аптада жеті күн бар.
Тәрбиеші: - Бүгін аптаның қай күні?
Балалар: - Бүгін аптаның сәрсенбісі
Тәрбиеші: - Бір апта күндеріңде не істедіңдер?
1бала Дүйсенбіде доп ойнадық қорада,
Сейсенбіде серуен құрдық далада.
Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп.
Жүма күні жидек тердік қыраттан,
Сенбі күні кино көрдік театрда.
Жексенбіде үйде болып демалдық,
Осылайша өте шықты бір апта.
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, апта күндерін жатқа үйрендіңдер, есімізден енді шығармайық!
Балалар, сендер саяхат жасағанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: -Иә
Тәрбиеші: -Ендеше, ертегілер еліне саяхат саяхат жасайық. Бірақ мына көптеген ертегі ішінен өзімізге ұнайтын бір ертегіні тыңдаймыз!
Тақтаға көптеген ертегілердің суретін іліп қояды. Соның ішінен
«Бауырсақ» ертегісін таңдайды!
Тәрбиеші: -Жарайды, балалар! «Бауырсақ» ертегісін тыңдадық.
Ендеше осы ертегіге саяхат жасаймыз. Жолда кездескен кедергілерге, сұрақ жұмбақтарға жауап берейік. Әйтпесе, бауырсақты түлкіден құтқара алмай қаламыз.
Балалар: -Әрине, дайынбыз.
Топқа бауырсақ кіреді:
Бауырсақ: Мені пышақпен қырып алды,
Қаптан сыпырып алды.
Қаймаққа иледі, майға пісірді,
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым,
Тыңдамадым атамды.
Тыңдамадым әжемді,
Үйімді мен сағындым
Көмектесіңдерші балалар!
Тәрбиеші: Балалар бауырсақты орманнан алып шығып, атасы мен әжесіне апаруға көмектесейік.
Топқа қоян кіреді: -Бауырсақ мен сені жеймін!
Балалар: -Бауырсақты жеме біз сенің қалағаныңды орындайық!
Қоян: -Ендеше, кеше жел тұрып, менің үйімді бұзып кетті. Соны құрастырып беріңдер.
(геометриялық пішіндермен, көлемі үлкен бір бала шығып, магнит тақтаға үйін құрастырып береді)
Бала: Төртбұрыш, үшбұрыш, шеңберді құрастыра отырып үйін жасап бердік.
Қоян: Рахмет, балалар! Сау болыңдар! деп топтан шығып кетеді.
Тәрбиеші: Мына геометриялық пішіндерге қараңдаршы?
«Неге ұқсайды?» деген дидактикалық оиынды ойнап көрейікші.
Балалар: Жеке жеке жауап береді.
Үшбұрыш-Сәукелеге, сәбізге.
Төртбұрыш –орамал, орындыққа,
Домалақ-күн, доп, қарбызға.
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар ары қарай жүрейік. Бауырсақты тездетіп үйіне жеткізейік. Байқаймын кішкене шаршаған сияқтысыңдар ғой. Ендеше сергіту жаттығуын жасайық
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Беске бесті қосқанда,
Болып қалды он саусақ.
Оң аяқта бес башпай,
Сол аяқта бес башпай.
Беске бесті қосқанда
Болып қалды он башпай.
Осы кезде топқа қасқыр кіреді.
Қасқыр: Бауырсақ мен сені жеймін!
Балалар:Бауырсақты жеме, біз сенің қалағаныңды орындайық!
Қасқыр:-Мен мына жұмбақтардың шешуін таппай жатырмын.
Соны тауып берсеңдер мен бауырсақты жемеймін.
1жұмбақ Жазда барып өзеннің,
Жағасына бөгелдім.
Кім айтады, қанеки,
Мен ол жерден не көрдім
Жауабы: 1бала Тас, су, гүл, ағаш, құм.
2жұмбақ 2бала Қыста барып өзеннің,
Жағасына бөгелдім.
Кім айтады қанекеи,
Мен ол жерден не көрдім?
Жауабы: 2бала тас мұз, қар
3жұмбақ: Бір балапан ұяда,
Бір балапан қияда.
Екеуі болды есебі,
Қалды ұяда нешеуі?
Жауабы: 3бала Бір балапан
4жұмбақ: Бір ағашта екі алма,
Мен де алмаймын, сен де алма,
Қызыл емес көк екен.
Әлі піскен жоқ екен.
Жауабы: 4бала Піскен алма
Қасқыр: Жарайсыңдар, қандай білімді едіңдер. Мен бір апта болды таба алмай, басым қатты. Сендерге рахмет!
Ендеше мен дедостарыма барып, жауабын тапқанымды айтып қуанышымды бөлісейін! Сау болыңдар!-деп топтан шығып кетеді.
Тәрбиеші:-Балалар, міне біз қасқырдан да құтылдық.
Ендеше бір сергіп алып, саяхатымызды жалғастырайық.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп теріп алайық,
Қалтамызға салайық. деп балалар айтып жатқанда топқа аю кіреді.
Аю: - Бауырсақ мен сені де, балаларды да жеймін.
Тәрбиеші: - Аю, сен бізді жеме. Біз саған құлпынай теруге көмектесеміз.
Аю: - Ендеше, көмектесіңдер.
1. Тартпаның үстіне салынған құлпынайды 10 бала бояйды.
2. Тартпаның үстінде тұрған жеміс жидектің ішінен, олар араласып жатады,
соны жинап, себетке салып дайындайды. Дайын болған себетті аюға береді.
Аю: -Рахмет, ендеше мен өз жолыммен кете берейін. Сау болыңдар!
Бауырсақ: - Балалар, сендер мені құтқардыңдар. Сендерге рахмет? деп тұрғанда топқа түлкі кіреді.
Түлкі: - Бауырсақ, мен сені жеймін!
Балалар: -Сен бауырсақты жеме, біз сенің тілегіңді орындайық.
Түлкі: -Менде бір карта бар, бірақ мен сол картадан №8 «Ботакөз» балабақшасын таба алмай тұрмын. Маған тауып берсеңдер, мен бауырсақты жемеймін.
Балалар: - Біз Қазақстан республикасында тұрамыз. Біздің еліміздің астанасы - Астана қаласы Елорда.
-Біздің туып өскен жеріміз-Шымкент қаласы.
-Біздің балабақшамыз Диваева көшесінде орналасқан.
Түлкі: - Рахмет сендерге! Сендер сондай қырағы, білгір екенсіңдер!
Менің көзім көрмей, таппай отыр едім. Рахмет сендерге.
Сау болыңдар!-деп топтан шығып кетеді.
Топқа әже кіреді. Бауырсақ солармен, балаларға рахметін айтады.
1-2 бала әжелерге тақпақ айтып береді.
1бала. Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға.
Жасасақ бір жақсылық,
Қайтарады саған да.
2бала. Санайық жаңаша,
Бір, екі, үш,
Желбіре жалауша.
Достықта біздің күш!
Бауырсақ ата әжемен қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші: -Балалар, мінекей біз жинаған білімнің арқасында достығымыздың арқасында кедергілерден өтіп, бауырсақты ата әжесіне жеткіздік.
Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп кішкентай балалар,
Үп үлкен боп өседі