Балабақша. Ертеңгілік: Ертегіні тауып айт
№68 «Балауса» бөбекжай-балабақшасы
тәрбиеші Оспан Ғалия Кәкімқызы
Тақырыбы:«Ертегіні тауып айт»
Білім саласы: «Қатынас»
Білім бөлімі: Тіл дамыту. Көркем әдебиет.Айналамен таныстыру.
Тақырыбы: «Ертегіні тауып айт»
Білімділік: Өтілген ертегілерді еске түсіру, білетін ертегілердегі әрекеттерді қыскаша айтып өтуге, баланың ертегі тыңдауга деген қызыгушылығын арттыру.
Дамытушылық:
Баланың сөздік қорын дамыту.
Сөз өнеріне деген құрметке баулу.
Сөз мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету.
Мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтарды айтуға, шешуге үйрету.
Тәрбиешілік: Достыққа, ұйымшылдыққа,бауырмалдыққа тәрбиелеу, жағымды және жағымсыз әрекеттерді сезіне білуге, әдептілікке тербиелеу, еңбекқорлыққа баулу.
Көрнекіліктері: Атрибуттар, ертегі иллюстрациялары, ғажайып текше, ойынға арналған суреттер.
Оку іс-әрекетінің түрлері: Дамыта оқыту технологиясы.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялык іс-әрекеті | Шаттық шеңбері: Ғажайып түс көрдім, Таңертең мен бүгін Ертегі әлемнің қызыгына жеттім. Нұрына шомылдым бүгін. Жұлдыз айы көркем, Әдемі еді неткен. Қүстары сөйлейді, Бұлттары тербейді. Мен оянып кеттім, әттең. Ертегілер, ертегілер Неге мені ертпедіңдер Әлемдеріңнің ғажап күйін Шертпедіңдер,әттең Гүл тердім бақтардан, Әр гүлдарман. Таусылмайтын тәтті Сый әкеліп жатты Жан біткеннің бәрі маған. |
Ән айтады. |
Ізденуші ұйымдастырушы | Кіріспе әңгіме: - Балалар сендерге ән айту ұнады ма? - Ән не туралы айтылады? - Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма? - Ендеше балалар тіл дамыту көркем әдебиет оку іс-әрекеттерінде және күннің ІІ-жартысында да көптеген ертегілер тыңдаймыз. - Кане еске түсірейікші,ертегілерді айтайыкшы? |
Ия Ән ертегі туралы Ия
Айлакер түлкі, Екі сараң қонжық, Молақ, Екі әтеш, Қасқыр мен жеті лақ, Шалқан, Бауырсақ, Қасқыр мен ит, ІІІұбар тауық, Қызыл телпек, Үш аю, Маша мен аю, Үйшікей, Қоянның үйі. |
Сергіту сәті: Мен өркешті түйемін, Басымды жерге иемін. Маң-маң басып далада, Жантак жеуді сүйемін. - Бәрекелді балалар осы өлең шумағындағы түйе туралы қандай ертегілерді білеміз? - Жарайсыңдар! Ендеше осы ертегілерді сахналандырып көрелік. «Дос іздеген Бота» ертегісін сахналандыру.
- Бәрекелді балалар ертегі сендерге ұнады? - Ертегі не туралы екен? - Бота өзіне достар тапқанына өте қуанышты сияқты. Ғажайып сәт: Почташы бала кіреді. - Сәлеметсіндерме балалар, мен сендерге ертегілер елінен хат алып келдім. Онда ертегіші ата сендерге арнап кызықты тапсырмалар жазылған «Ғажайып текше» ойынын беріп жіберді.Қабыл алыңдар! 1-тапсырма: Тіл ұстарту жаттығулары: Ие-ие-ие Шөгіп жатыр түйе. Қүлындайды бие Табылар саган ие. Ыс-ыс-ыс Болсын мол ырыс. Болып капты қыс, Аман болсын туыс. 2-тапсырма: Мақал-мәтел айту:
3- тапсырма: Жаңылтпаштар айту: Ақ тай ақ па, Қара тай ақ па. Қай тай лақтай, Қай тай бармақтай. Жақсы қойшы, Қайсы қойшы. 4- тапсырма: Қарама-қарсы сөздерді тап: еңбекқор - батыр - көп - үлкен – алыс – ыстық – тәтті – биік – ұзын –
Дидактикалық ойын: «Не қайда тұрады» -Бәрекелді балапандар, жарайсындар! - Ендеше сендер де бүгінгі ертегіміздің. |
Дос іздеген Бота
Ертегідегі кейіпкерлерді сомдайды. Ия ұнады. Достық туралы Бірге қайталайды. Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті. Қарға баласын аппағым дейді, Кірпі баласын жұмсағым дейді. Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. Аққуды атпа, Досыңды сатпа. Сыйласаң сыйлы боларсың. Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас. Қоян көлеңкесінен де қорқады. Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен. Ойын баланың ойын ұштайды.
жалқау корқақ аз кіші жақын суық ащы төмен қысқа
Ойынға белсене қатысады.
| |
- Өте жаксы, ендеше тақтадағы суреттермен жұмыс жасайық: Тапсырма: Суреттерге қарап, ертегіні қысқаша баяндап беру. Тәрбиеші: Кел балалар ойнайық, Ойнайық та ойлайык. Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық. 1-Жұмбақ: Өзі айлакер, өзі қу, Жүрген жері айқай шу. Бұрап қойган сағаттай, Айғайлайды таң атпай. Адамға серік, Күзетке берік. Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады. Тауға шықсаң қалың кар, Сайға түссең қалың қар. Шырша үсті қалың қар, Байқаңдар қар астында, Ұйықтап жатқан не бар? Иір-иір денесі, Сахараның кемесі. Ащы шөптер тамағы, Шөлге шыдап бағады. - Балалар түйе үй жануары ма, әлде (дала) жабайы аңға жата ма? - Түйенің қандай пайдасы бар? - Түйе төлін не деп атаймыз? - Балалар, жануарларды тебуге болады ма? | Әтеш пен тоты құс -Балалар баяндап береді
Түлкі
Әтеш
Ит
Қоян
Аю
Түйе Үй жануарына жатады Түйе бізге қымыран береді,жүн,ет береді. Бота деп атаймыз. Жоқ болмайды. | |
Рефлексивті коррекциялау. | кейіпкері Бота сиякты өздеріңе адал достарды таба берулеріңе тілектеспін. - Сендерге көп-көп рахмет! - Енді бүгінгі іс-әрекетімізді әдемі нақыл сөзбен аяқтағымыз келеді: Кім үлкенді тындаса, Кім достарын сыйласа. Үлкен болған кезінде, Сыйлы болмақ өзіде. | Бірге қайталайды. |
Күтілетін нәтиже
Біледі: Ертегілерді сипаттайды. Рөлге ене алады.
Игереді: Түрлі ойындар мен тапсырмаларды орындай алады.
Меңгереді: Ойын шартын қадағалайды.