Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Түркияның Измир қаласындағы жер сілкінісі кезінде үйінді астында төрт күн бойы жатқан үш жасар қыз құтқарылды, деп хабарлайды "Анадолу".
Айда Гезгин есімді қыз үйінді астында 90 сағаттан аса уақыт жатқан. Ол кір жуғыш машинаның жанында қыстырылып қалған.
- Алдымен мен оның даусын естідім де басқа құтқарушыларға хабарладым. Оған жақындай келе есімін сұрап, қол бұлғауын өтіндім. Ол қолын көтерді, - дейді Нусрет Аксой есімді құтқарушы.
Айда Измирде үйінді астынан құтқарылған 109-шы адам. Дәрігердің айтуынша, оның жағдайы қанағаттанарлық.
- Айда өзін жақсы сезінеді, қазір оған томография жасалады. Үйінді астында қалып қойған анасын әлі де іздестіріп жатырмыз. Құтқарушылардың айтуынша, ол Айда жатқан маңайда болуы мүмкін. Оқиға анасы жуыну бөлмесінде жүрген кезде болған сияқты. Екі сағаттан кейін оларға хабарласа алғанымызбен артынша ұялы телефоны сөніп қалды, - дейді Айданың ағасы Аныл Джандан.