БҚО-ның денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұсталды

Oinet.kz 29-10-2020 1025

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов ұсталды.  Бұл туралы "Мой город" порталы жазды, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Басылымның мәліметінше, Болатбек Каюповты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері пара алды деген күдікпен ұстаған. Алдын ала ақпарат бойынша, пара сомасы шамамен жеті миллион теңгені құрайды. Облыстың бас дәрігері уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, Каюповқа қатысты тергеу басталды деген қауесет көптен бері айтылып келеді. 7 қыркүйекте басылым мән-жайды түсіндіруді сұрап, ресми сауал жолдады. Содан кейін оларға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілмегенін хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметіндегілер басшыны ұстау туралы ештеңе белмейтінін айтқан, бірақ Болатбек Каюпов өз орнында болмаған.

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ақпаратқа түсініктеме берген жоқ, бірақ кез келген ақпарат прокуратурамен келісілгеннен кейін берілетінін атап өтті.

Бердібек Сапарбаев меншігінде не бар екенін айтты (видео)
Депутаттарға ашықхат жіберетін сайт ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу