Бекшин алматылықтарға маңызды үндеу жасады

Oinet.kz 20-10-2020 914

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың екінші толқынына байланысты алматылықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

- "Коронавирус инфекциясының болуы мүмкін жаңа толқынына байланысты стандартты сақтық шараларын сақтауға, қонақ шақырып, жаппай отбасылық іс-шаралар өткізбеуге, адамдар көп жиналатын жерлерге барудан аулақ болуға, қоғамдық көліктерге отырмай, шет елдерге ұшудан аулақ болуға кеңес береміз.

Біз қазір көрші Ресейде жағдайдың қаншалықты күрделене түскенін көріп отырмыз, науқастар Түркия, Мысыр, Дубай және Батыс Еуропадан ұшып келіп жатыр. Қазір авиациялық байланысқа шектеу қойылды және бұл жұмыстар жалғасып жатыр", - деді Бекшин.

Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 14 539-ға жетті, оның ішінде 14 156 адам сауығып кеткен. 275 адам қайтыс болған.

Ал Қазақстанда бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны 109 623-ке жетті.

«Екінші тоқсанда мектеп ашыла ма?» - Білім министрлігі жауап берді
Биыл қыс қандай болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу