Түркістан: Түлкібас ауданында ашылған «сервистік әкімдікте» 82 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілуде

Oinet.kz 19-10-2020 635

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен  халыққа барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында ел аумағында  мемлекеттік органдардың жұмысы «Open space»  форматына көшіріліп,  бүгінгі күні  тұрғындардың кедергісіз қызмет алуы жүйелі жүзеге асырылып келеді.  

image.png

Бұл үрдіс киелі өңірде де қарқын алып, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында мемлекеттік қызметтің сапасы мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және  сыбайлас жемқорлықтың туындауын болдырмауға бағытталған алғашқы «сервистік әкімдік» Түлкібас ауданында ашылған болатын.           

Осыған орай, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай Түлкібас ауданына арнайы сапары барысында жергілікті тұрғындарға ашық қызмет көрсететін аталмыш «сервистік әкімдікте» болып,  халықтың кеңсенің жұмыс барысымен танысты.            

2018 жылдың 14 желтоқсан күні  аудан әкімдігінің ғимаратында ашылған сервистік әкімдікте бүгінгі күні 7 дербес бөлімдер, атап айтсақ жер қатынастары, ауылшараушылық, тұрғн-үй шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен білім бөлімдері бойынша 82 мемлекеттік  қызмет түрі көрсетіліп,  азаматтардың қолайлы және кедергісіз қызмет алуларына мүмкіндік беріп отыр.    Халықтық кеңсе анықтамалық, электронды қызмет көрсету, күту залы және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен қамтамасыз етілген.   

Айта кетсек, облысымызда ашылған жалпы саны 7  «сервистік әкімдік» бүгінде Түркістан өңірінде ашықтық пен жариялылық қағидаттарын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға тікелей ықпал етуде.  

Алдағы уақытта да облысқа қарасты қала/аудандарда жергілікті тұрғындарға тиімді қызмет көрсетуге бағытталған «сервистік әкімдіктердің»  қатары көбейіп, атқарушы билік өкілдері «Open space»  форматында жұмыс істейтін болады. 

Түркістан: Үгіт-насихат штабының төрағасы Түлкібас ауданының тұрғындарын адал болуға шақырды
Қазақстанда онлайн-дауыс беруге қатысты петиция құрылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу