Түркістан: Үгіт-насихат штабының төрағасы Түлкібас ауданының тұрғындарын адал болуға шақырды

Oinet.kz 19-10-2020 648

ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің  жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының жетекшісі Е.Тұңғышбаев Түлкібас ауданының жастарымен, үкіметтік емес  ұйымдардың өкілдерімен және аудандық Штаб мүшелерімен кездесу өткізіп, адалдық, парасаттылық құндылықтарының маңыздылығын ортаға салды. 

image.png

Әділдік аясында өрбіген кездесудің негізгі мақсаты -   қоғам індетінің алдын алу және билік пен бұқара арасында сенім атмосферасын  қалыптастыру, сондай-ақ талап-тілектеріне құлақ түру. 

Жиында сөз алған Ерұлан Тұңғышбаев сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде азаматтық белсенділіктің жоғары болуы айрықша маңызға ие екендігін жеткізіп, жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруды әрбір ел азаматы өзінен бастауы тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауына кеңірек тоқталып, «Әділетті мемлекетті» құру жолында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  тұжырымдамасын билік пен бұқара болып бірлесе жүзеге асыруымыз қажет екенін жеткізді.  

Жиын соңында ақпараттық-ағартушылық Штабының жоспарларымен бөлісіп, адалдық идеялогиясын кең көлемде дәріптеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Департамент басшысының бірінші орынбасары жемқорлықты жою бойынша Түлкібас ауданында жиын өткізді
Түркістан: Түлкібас ауданында ашылған «сервистік әкімдікте» 82 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу