Қазақстанда онлайн-дауыс беруге қатысты петиция құрылды
Қазақстанда парламенттік сайлауда онлайн-дауыс беруге қарсы петиция құрылды. Деп хабарлайдлы azh.kz/ сайты. Естеріңізге сала кетсек, жақында ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей ЦОЙ елдегі эпидемиялогиялық ахуалға байланысты сайлауды өткізудің түрлі нұсқалары қарастырылып жатқанын хабарлады. Сонымен қатар онлайн түрде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін деді.
«HAQ» қозғалысының белсендісі Тоғжан Қожалиеваның айтуынша, жақында өткен «Нұр Отан» билеуші партиясының праймеризі болашақ онлайн сайлауға дайындық болды.
- Егер Денсаулық сақтау министрінің қаңтар-ақпан айларында локдаун енгізу туралы соңғы мәлімдемесін ескеретін болсақ, расында бізді онлайы дауыс беруге дайындаған болуы мүмкін, - дейді белсенді.
- Осыған байланысты біз мұндай сайлауға қарсы өз пікірімізді білдіргіміз келіп, петиция әзірлеп шығардық. Онлайн-дауыс беру кезінде сайлау құпиясы бұзылады, әртүрлі айла қолдану арқылы бұрмалау жасалып, тәуелсіз бақылау жүргізу мүмкін болмайды - деп есептейді Қожағалиева.
- Әлемде онлайн-дауыс беруді қолданған тәжірибе жоқ. Рас, интернетте референдум өткізу, немесе әртіске дауыс беруде жүзеге асырылып жүр. Ал партия сайылауына немесе заң шығарушы органға сайлау өткізуде әлі қолданылып көрмеген, - деп атап өтті ол.
Петицияны қолдаушылар локдаун енгізілген кезде сайлауды Ұлыбритания, Сербия, Оңтүстік Корея секілді ковидтен кейінгі кезеңге шегеру қажет деп санайды.
Сонымен қатар, өтініште тәуелсіз exit-poll жүргізуге және сайлаушыларға «Барлығына қарсы» дауыс беруге мүмкіндік беретін талаптар қойылған.
Естеріңізге сала кетейік, Парламент Мәжілісі мен өңірлік мәслихаттар сайлауы 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында өтуі тиіс.