Орыс өте шыдамды халық - саясаткер
20-06-2022
«Дикий Арман» атымен танылған Арман Джумагельдиев халықты Боратты тауып, жазасын беруге шақырды, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба қалдырды.
- Ассаляму алейкум, қазақ халқым! Борат жайлы маған өтініштер көптеп келіп жатыр. Әрине, мен де болып жатқан жайттан хабардармын және менің де намысыма ауыр тиіп жатыр. Айта кетейін дегенім, бұл бізден өте алыс мемлекетте болып жатыр. Сол себепті оны ұстау қиын болып жатыр. Біреулер оны Америкада десе, басқалар оны Англияда деп жатыр. Мен ол жайлы ақпараттар іздестірудемін. Борат жайлы білген-естіген нақты ақпараттарыңыз болса маған жазыңыздар. Тағы айта кетейін дегенім, мен “супермен” емеспін. Орыста мақал бар ғой, “Один в поле - не воин”. Шетелдегі болсын, елдегі болсын бүкіл қазақ бірігіп, еліміздің атына кір келтіріп жүрген Боратты тауып, жазасын берейік. Бәріміз бірігіп, бір жұдырықтай болсақ, Аллаһтың қалауымен кез-келген жауды жеңетінімізге сенімдімін - деді Арман Жұмагелдиев.
Дикий Арманның рух беретін жалынды сөздерін оқығар көпішілік оны қолдап, өз пікірлерін білдіруде.
- Жалгыз емессіз, біз біргеміз, Режиссёр продюсерлерді жазалау керек актердың өзін ғана емес, Дұрыс айтады күш бірлікте, қандай жағдай болмасын қолдау қажет, Аллах сізге күш қуат берсін - дейді желі қолданушылары.