Шымкентте ер адам бұрынғы әйелін балғамен ұрған

Oinet.kz 09-10-2020 1365

Бұрынғы күйеуі 1,5 жылдан кейін келіп әйелін балтамен соққының астына алған. Бұл оқиға туралы "Не Молчи" қоғамдық ұйымы өзінің Facebook парақшасында жариялады.

image.png

Оқиға 8-қазан күні болған. Түскі 3-тер шамасында Катя есімді жәбірленушіні азаматтық некеде болған күйеуі мас күйінде үйіне іздеп келген. Келіншектің дәріханаға кеткенін естіген қылмыскер есік алдында тығылып күтіп тұрған.

Бұл жағдайдың барлығынан хабардар болып отырған құрбысы дереу Катяға хабарласып, ескерткен. Сөйтіп анасы келгенше үйде балаларына қарайласып отырыпты. Көзді ашып-жұмғанша есік алдынан құрбысының дауысын естіген ол полиция қызметкерлерін шақырып, араша түспек болған.  Полиция шақырғанын естігенде бұрынғы күйеуі  бірден бой тасалады. 

Жәбірленушінің айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Айырылысып кетсе де, ер адам Катяның соңынан қалмайтын көрінеді. Учаскелік инспекторға   5 рет арыз жазған, бірақ еш нәтиже болмаған.

"Не молчи" қоғамдық қоры Шымкент қаласының полиция департаментіне арыз жазған. Іспен полиция айналысып жатыр. 

Денсаулық сақтау министрі Цойдың ісі бойынша сот шешім шығарды
Ғалымдар жаңа жаһандық қауіп туралы ескертті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу