Бақсақ бақа екен
Қосановты қолдадық. Қорлай сөйлегенге қарсы шығып қорғадық. "Жалғыздың үні шықпас" деп ел болып дауыс бердік. "Боламын" деді болдырдық. Ал, нәтижесі қандай болды:
Арғымақ деп аламанға қосқанымыз жабы болып шықты.
Ел болып шайнап берген асты жұта алмады. Желкесінен біреу соғып қалғандай елге қарап бүркіп жіберді.
"Бақаны алтын табаққа салсаңда ыршып түсердің" кебі келіп, өз көлшігіне қарай секіріп кетті. Өзіне деген елдің сенімін, құрметін ақтамады.
"Темірді иемін" деген сөзін жұтып, мансаптының алдында майысып қалды.
Бақытын басқа теуіп, "батыр" дегеніміз бақа болып шықты. Мұның бәрі елді алдаған Қосановтың қойыртпағы.
Ал, біз бұл сайлауда не ұттық: Еліміз бірлікте бола білді. Жұдырықтай жұмылды. Ханға қарапта қасқайып сөйлеуге болатынын түсінді. Халқымыз бір ай бойы саяси мектепте оқып шықты, көзі ашылды. Келесі сайлауда кедергі көрмейтіндей тәжірбие жинады. Халықты қамырдай илеп үйренген билік қалың елге үрке қарады...
Иә, халық бұл сайлауда ұтылған жоқ. Бар болғаны биліктің соққан биік қамалына шығар алғашқы сатыны басып өтті.
Аман бол қазағым, жігерің жасымасын!
Айдар Темірбекұлы