Айдар Темірбекұлы. Өкіметтің тірлігі

Oinet.kz 05-09-2020 766

Қауын.jpg

Жазғы демалыс басталысымен жиен ағамыз ауылға қыдырып келетін. Ойынның неше түрін ойнайтынбыз ләңгі, асық, доп, ешек көкпар, соғыс ойындары. Әйтеуір кешке сілеміз қатып құлайтынбыз. Сол жиенімнің аяқ асты қауынға аңсары ауды да қалды. Ауылдан алты шақырымдай жерде совхоздың егістігі бар. Көлемі шағындау осы егістікте қауын барын білетінбіз. Жиенім сонда баруға айналдыра бастады. Бірден келісе қоймаған маған, әңгелектің піскенін, оның қандай тәтті болатынын тәтпіштеп айтқанда, шырын тіліктер көз алдыма елестеп кетті.

Сонымен, сұр ешекке міңгесіп, екі қапты қойынға тығып түнделетіп жолға шықтық. Егістіккке жақындай бергенде мен:

-Пархат ағанікінен алайық. Ол кісінің бізге туыстығы бар. Ұсталып қалсақ сотталмаймыз, әрі иттері мені таныйды дедім. Жиенім:

-Қорықпа, жігіт емеспізбе?! Пархат ағаң қасындағы жеңгеңді ұрлап кетсеңде сезбейді қазір. Ұрлықты мына бізден, Қоңыршұнақтардан үйреніңдер! -деп қойды кеудесін қағып.

Алдымен үй жағына барлау жасадық. Тапшанда екі адам ұйқтап жатыр. Абайлай жүріп, айдың жарығымен іске кіріскеніміз сол еді арам қатқыр сұр ешек ақырып қоя берсін. Арыққа жата қалдық. Біреудің жүрген аяқ дыбысы естілді. Жеңгей екен.

-Өйбууй, айналып кетейіндер -ау, өкіметтің тірлігін ұрлап өле алмай жүрсіңдер ме? Тұрыңдар қане! -деп сәл ойланып тұрды да, -бір қап әңгелек алыңдар деді жүзі жылып.

-Ағаң оянса үшеумізді де оңдырмайды -деп қояды сыбырлап.

Тағы бір қарайған жақындады. Пархат аға екен.

-Әй, хатын, не істеп жүрсің, мыналарың кім?! -деді жақындай бере. Жеңгем:

-Інілерің ғой қауын сұрай келген екен... -деп қояды бізді қорғап.

-Басшылар білсе басымыз кетеді, өкіметтің тірлігі ғой... Мейлі енді келіп қалған екенсіңдер, екі қапқа салыңдар ешекке теңлеуге ыңғайлы болады -деді.

Сыбырлай сөйлескен төртеуміз өкіметтің тірлігін бірге ұрладық.

Таң ата аулға кедік. Есік алдында әжем тұр екен бізді көріп,

-Әй, қайдан келдіңдер, мыналарың не?! деді бірден. Жиенім:

-Пархат аға сізге қауын беріп жіберді! -деп соқты. Әжем енді маған қарады. Шүйіле қарады. Мен төмен қарадым.

Жағдайды түсінген болуы керек, әжем екі қапты қораға сүйрей жөнелді. Ішке кіргізіп, үстін шөппен бастырып, есікттің сыртынан құлып салды.

-Өкіметтің тірлігі ғой, біреу-міреу көрсе әңгіме болады -деп күбірлеп жүр. Сүмпиіп тұрған бізге қарап:

-Кейін жейсіңдер! -деп, зілсіз зекіп қойды.

-Бүйтіп қауын жегені құрысын -дедім мен.

-Сендерде ұрлық жағы қиындау екен -деді жиенім басын қасып)

Айдар Темірбекұлы

Бақсақ бақа екен
Аң патшасы арыстан мен күйеуден қайтқан түлкі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу