Шымкентте жол апатынан 11 айлық бала көз жұмды
Шымкентте жеңіл автокөлік пен көп тонналы экскаватор cоқтығысып, салдарынан 11 айлық бала көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Шетелдік машина жылдамдықпен экскаваторға барып соғылды. 11 айлық бала сол жерде көз жұмды, ал үш ересектің бірі кейін ауруханада қаза болды.
Бейнебақылау камераларындағы кадрларда арнайы техника жүргізушісінің жол жүру ережелерін елемей, қалай бұрылғанын көруге болады. Осы кезде оған көлік жылдамдықпен соқтығысады. Куәгерлер зардап шеккендерді қиындықпен алып шыққан. Қазір дәрігерлер тірі қалған екі адамның өмірі үшін күресіп жатыр.
- "Әйелге шұғыл түрде бауырдың жарылуы бойынша операция жасалды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты ауыр. Қазір жан сақтау бөлімінде. Үшінші науқастың жағдайы тұрақты", - деді хирург-дәрігер Тимур Тұрғанбеков.