Сенат төрағасының жаңа орынбасары сайланды
Нұрлан Әбдіров Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы төрағасының орынбасары болды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
Нұрлан Әбдіровті сенат спикері Мәулен Әшімбаев ұсынды. Депутаттар кандидатураға дауыс берді.
Бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы парламент сенатының депутаты болып тағайындалған.
Сондай-ақ, президент жарлығымен сенат депутаты Бектас Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды деп хабарланды. Ол сенат төрағасының орынбасары қызметін атқарды.