Мәжіліс төрағасының жаттыққан сәтінен видео пайда болды (видео)
Әлеуметтік желіде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жаттыққан сәтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. Видеоны премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов Telegram-каналындағы парақшасына жариялады.
Роликтен ҚР Парламенті төменгі палатасының төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қалай жаттыққанын көруге болады. 17-секундта Нығматулин 30-дан аса соққы жасайды.
Еділов 1999-2002 жылдары Нұрлан Нығматулин Астанадағы (қазіргі Нұр-Сұлтан) бокс федерациясын басқарғанын айтады.
Айта кетейік, 31 тамызда Нұрлан Нығматулин 58 жасқа толған еді. Ол Қарағанды қаласында дүниеге келген, танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жерлесі.