Қасым-Жомарт Тоқаев: Пандемияны жеңуге кем дегенде екі жыл қажет

Oinet.kz 01-09-2020 654

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, карантин кезінде табысынан айырылған 4,5 миллионнан астам азамат 42 мың 500 теңге мөлшерінде көмек алды. Бұл мақсатқа 450 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_2.jpg

- Осындай жәрдем көршілес елдерде, тіпті, басқа ірі мемлекеттерде берілген жоқ, - деді президент бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білгенін де атап өтті. 

- Ең бастысы – біз азаматтардан ешнәрсені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жарияладық. Қаншалықты ащы болса да, шындықты айтып отырмыз. Бұл –  кейбір мемлекеттерге қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы.

Алайда, ахуалдың жақсаруы  босаңсуға себеп болмауға тиіс. Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет, - деді президент.

Тоқаев ауыл әкімдерін халық сайлауы керектігін айтты
Сенат төрағасының жаңа орынбасары сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу