Бүгін Мұрат Әбеновтың туған күні
Осыдан 55 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті Мұрат Абдуламитұлы Әбенов дүниеге келді.
Ол Қызылорда облысында туған. Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының математика және информатика факультетінің (1990) «Математика және информатика» пәндерінің мұғалімі мамандығын бітірген.
Қазақ гуманитарлық-заң университетінің құқықтану факультетін (2002) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
1990 жылдан — С. Сейфуллин атындағы №4 ОМ информатика және есептеу техникасының мұғалімі.
1991 жылдың маусым айынан — Қызылорда қалалық білім басқармасының кадрлар және негізгі іс-әрекет бойынша инспекторы.
1991 жылдың қыркүйек айынан — 1 Мамыр атындағы №1 қазақ мектеп-лицейі директорының оқу-тәрбиелік іс бойынша орынбасары (Қызылорда қаласы).
1992 жылдан — Қызылорда қалалық әкімдігінің қоғамдық пікірді болжау және баспасөз бөлімінің бас маманы.
1993 жылдан — «Атамекен» ЖШС-де коммерциялық іс-әрекет бойынша директордың орынбасары (Апматы қаласы).
1999 жылдан — Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің кеңесшісі.
2000 жылдан — Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері бойынша басқарма агенттігінің бастығы.
2002 жылдан — Қызылорда облысы ішкі саясат департаментінің директоры.
2005 жылдан — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2007 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін — Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі.
2007 жылдың қыркүйек айынан — ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясының Азаматтық байланыстар және азаматтық қоғам институттары бойынша кеңесінің мүшесі. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы.
2012 жылдың қарашасынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі болды. «Қазақстан» телеарнасында «Серпіліс», 24.kz телеарнасында «Мұрат Әбеновпен ашық әңгіме» атты авторлық бағдарламасын жүргізді.
2013-2016 жылдары – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
2016-2017 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.
2017 жылдың қаңтар айынан бастап «Атамекен» ҚР ҰКП президиумы жанындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновация комитетінің төрағасы.