Роза Рымбаеваның келіні шын мәнінде кім?
Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай туралы не білеміз? Ендеше әнші Әли Оқаповтың жары туралы мәліметтерге назар салсақ!
Ақерке Бүркітбай 1992 жылы 2 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Ол елімізге белгілі "Асыл" тобының әншісі, танымал актриса. Ол қазақстандық көптеген фильмдерде басты рөлдердің бірін сомдаған.
2013 жылы "Тағдыр", "Тракторшының махаббаты";
2017 жылы "Жараланған жүректер";
2018 жылы"Отыңды өшірме";
2018 жылы"Сүйе білсең-2";
2018 жылы"Ғашықтар".
Ол – аққу мойын, сұлу мүсін, аққұба өңді ару. Ол сыңғырлаған күміс күлкісімен айырықша нұрға бөлейтін, ажары көзге оқтай қадалатын, қазақтың қылықты қызы, әнші, қобызшы, актриса – Ақерке Бүркітбай.Оның кинодағы ауқымды жұмыстарының бірі ретінде «Қазақ вальсінің патшасы» Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Ән – Аға» тарихи драмасын атап өтуге болады.
Сондай-ақ ол Ілияс Есенберлиннің шығармасының желісі бойынша түсірілген «Ғашықтар» телехикаясы. Бұл туындыда да актриса -ай десе аузы, күн десе көзі бар, сұлу бойжеткен ретіндегі сиқырлы тылсым иесі,бір көргеннен ғашық қылатын ғажайып әлем, яғни, өнер адамының музасының ролін ойнайды.
Еске салсақ, Әли Оқапов жуырда ғана Ақерке Бүркітбайға үйленуге ұсыныс білдірген еді. Енді міне, халық әртісі қарашаңырағына келін түсірмек. Қыз ұзату салтанаты қазіргі сәтте Атырау қаласында өтіп жатыр.