Ұлттық Ұланның генерал-майоры қайтыс болды

Oinet.kz 18-08-2020 1654

Қазақстан Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығы, Әскери кеңес және Ардагерлер кеңесі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Сатов Мұхаметқали Құсайынұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты отбасы мен достарына қайғырып көңіл айтады, - делінген хабарламада. 

Мұхаметқали Сатов 1961 жылы 29 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары ретінде 2014 жылғы 20 мамырдан бастап жұмыс істеді

Қазақстанда белгілі дәрігер коронавирус пневмониясынан қайтыс болды
Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпені әр азамат өзі сатып ала ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу