Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпені әр азамат өзі сатып ала ма?

Oinet.kz 18-08-2020 879

Коронавирусқа қарсы екпені "қауіп тобына" кірмейтін, әр азамат өзі сатып алуға міндетті. Осылай деген Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаның ақысын мемлекеттің мойнына іле салу еш қисынға келмейтінін айтты, деп жазады Oinet.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

image.png

"Қауіп тобына" кіретін 2 миллион 182 мың адамға, нақытрай айтсақ жүрек-қан тамырлары жүйесінің дертіне шалдыққандар, 65 жастан асқан тұрғындар, қант диабеті секілді созылмалы дертке душар болғандар мен дертпен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне тегін екпе қарастырылған. Ал ведомство қазақстандықтардың барлығын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен екпемен қамтамасыз етудің қисыны жоқ деп отыр. 

"Меніңше, дені сау азаматтардың қауіп тобына енуге ұмтылуы ақылға қонымсыз. Жалпы тегін көрсетілетін медициналық көмекке қатысты бекітілген заңнама мен әлеуметтік талаптар бар. Оған қоса, дені сау әрі жұмысы бар әрбір азамат өзін дәрімен және вакцинамен қамтамасыз етуге міндетті. Менің ұстанымым осындай. Бұнымен барлық тұрғын келіседі деген пікірдемін", - деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов. 

Ұлттық Ұланның генерал-майоры қайтыс болды
Бейсен Құранбекке арналған мурал жұмысы аяқталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу