Бейсен Құранбекке арналған мурал жұмысы аяқталды
Талдықорған қаласында белгілі журналист марқұм Бейсен Құранбектің құрметіне мурал салынды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
Мурал Бейсен Құранбек жұмыс істеген «Жетысу» телеарнасының маңындағы үйдің қабырғасында пайда болды. Жұмыс авторы жас суретші – Еркеғали Иманғали.
- «Біз үшін Бейсен Құранбек журналист қана емес, ол – ұстаз, өңірдің дамуына өз үлесін қосқан тұлға. Ол көптеген жас журналисті тәрбиеледі, Қазақстандағы мыңдаған адамның мәселесін шешті. Бұл жобаны жүзеге асыру біз үшін зор құрмет», – дейді суретші.