«Тараз-Арена» спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру қарастырылуда
"Тараз-Арена" спорт кешеніне белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
Жамбыл облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы мәслихаттың кезектен тыс отырысында мақұлданған. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің отандық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спорттың жоғары деңгейге көтерілуіне қосқан үлесін атап өтіп, халық қалаулыларына бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтты. Қайта атау жөніндегі ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.
Айта кетейік, Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы) "Чапаев" кеңшарында (қазіргі Тегістік ауылы) дүниеге келген.