Лукашенко өзінің қайда екенін айтты
Беларусь президенті Александр Лукашенко өзінің шетелде екендігі туралы хабарламаны жоққа шығарды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі BelTA басылымына сілтеме жасап.
- "Мен әлі тірімін, бірақ шетелде емеспін, біздің құрметті азаматтарымыз "президент елден кетіп, шетелде жүр" деген ақпаратты таратып жатыр. Бүгін 14 тамыз күні біз құрылыс индустриясының жұмысын талқылау үшін жиналып отырмыз", - деп атап өтті мемлекет басшысы құрылыс индустриясына арналған кеңесте.
Лукашенко халыққа - бұқаралық ақпарат құралдарына жедел үндеу дайындаған.
Естеріңізге сала кетейік, Беларуссияда наразылық акциялары сайлау күні - 9 тамыздан бастап жалғасуда. Олар елдің барлық дерлік қалаларын қамтыды. Ереуілдердің салдарынан көптеген ірі кәсіпорындардың жұмысы тоқтатылады.