Көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасында Бейсен Құранбектің бейнесі пайда болды (фото)
Талдықорғанда журналист Бейсен Құранбектің құрметіне үй қабырғасына суреті салынып жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сурет «Журналистер үйі» ғимаратына қарама-қарсы орналасқан көп қабатты ғимараттың қасбетінде пайда болды. Суреттің жанында «Қарекет ет, батырым!» деген сөздер және Бейсен Құранбектің қолы қойылған.
Танымал журналист Бейсен Құранбек 2020 жылдың 18 мамырында көз жұмды.
1971 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде журналист, жауапты хатшы болып бастаған.
Осыдан кейін ол «Рахат», «31 канал», «Хабар» телеарналарында, Президент телерадио кешенінде жұмыс істеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram