«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
13 тамызда Арыста тағы бір қатты жарылыс болды. Былтырғы жойқын апаттан кейін әбден қорқып қалған қала тұрғындары бұл жолы тағы қашуға дайындалған. Әскери гарнизондағы қару-жарақ қоймасында жою жұмыстары кезінде жасалған жоспарлы жарылыс ала таңда бүкіл қала халқын бір қорқытты. Бірақ бұл жайлы тшрғындарға ескертпегені халықтың ашуына тиді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарылыс болған соң жергілікті тұрғындар әскери бөлімге бір қарап, қорқыныштарын басып жатыр. Былтырғы жағдайдан кейін жүрегі шайылып қалған қалалықтар бойында әлі де үрей басым екенін айтады.
"Көк түтін болды. Бұл мәселені біржақты етпесе немесе алдын ала хабарламаса, былтырғы жағдайдан кейін біздің Арыстың халқы біраз абыржып, қорқып қалғанымыз бар", "Бір қорықтық. Келіншегім қашып кетуге сәл қалды, дайындалып, қашамыз ба, не істейміз деп. Тыңдап тұрдық. Тынышталған соң жұмысқа шығып кеттік", - деді тұрғындар.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күн сайын таңертең және кешке жарықтарды жою үшін жарылыс болады. Құлағымыз үйренгенімен, бүгін абдырап қалдық, дейді олар. Өйткені, осы жолы жаңғырықтың қатты болары ескертілмеген екен. Әкімдік арқылы хабар беретін әскерилер де жарылыстың осыншалықты жойқын боларын сезбеген сыңайлы. Бірақ, олар бұл жағдайға түсінік беруден бас тартты.
Оқиғаға қатысты қала әкімі түсініктеме берді.
"Гарнизонның аумағындағы қоймалардың айналасында қалып кеткен және орнынан қозғауға болмайтын снарядтарды сол орнында жарады. Сол таңертеңгі жарғаны, гарнизондағы жарықтарды жарғаны. Әскерилердің айтуынша, күннің бұлтты болуына байланысты жарылыстың жаңғырығы қалаға қатты естілді", - деді Арыс қаласының әкімі
Әкімнің айтуынша, болған жағдай терең зертеленуі тиіс. Сондықтан, қозғауға болмайтын снарядтарды жою жұмыстары бір жылға кері шегеріліпті.