Жамбыл облысында бір топ адам әкімді ұрып кетті

Oinet.kz 13-08-2020 1346

Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ауыл әкімі таяқ жегені белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

2722423.jpg

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Талас ауданына қарасты Қасқабұлақ ауылында бір топ адам түн жарымында төбелес шығарған еді. Осы оқиғадан кейін облыс әкімінің өзі елдімекенге арнайы барып, жұртты сабырға шақырды.

"Мұндай жағдай қайталанбауы керек. Онсыз болмайды. Бірінші – жауапкершілік, міндет, ол – ата-ананың міндеті. Қазақ "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деп айтады. Барлық тәрбие ананың сүтімен келеді. Ең негізгі міндетіміз – өсіп келе жатқан жастарға дұрыс тәрбие беру", - деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бес-алты көлікке мінген жастар ауылға баса-көктеп кіріп, үйлерді таспен атқылыпты. Бес үй мен клубтың терзесі сынған. Ал оларды тоқтатуға ауыл әкімі шыққанымен, соққыға жығылып тынған. Абырой болғанда, жарақаты жеңіл. Өзге жапа шеккендер жоқ.

Полицейлер елдің үрейін алған 14 адамды ізін суытпай ұстап, қамауға алды. Олардың неліктен мұндай қадамға барғаны тексеріліп жатыр.

Қазір бұзақылық бабымен іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ауылдағы ахуал қазір тұрақты.

"14 адам ұсталып, Талас аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп атап өтті Талас аудандық ПБ бастығы Тимур Жаңабаев.

«Сені соямын» - әйелдерді ұрып-соғып, тонайтын қаніпезер пайда болды (видео)
Министрдің ағасын қамауға алу мерзімі ұзартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу